2026 жылдың 21 қазан күні 25 қазан – Республика күніне орай  Білім және менеджмент институты, «Қаржы және экономика» кафедрасының 1–2 курс білім алушыларына Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараны кафедра эдвайзерлері Д.С. Тогашева мен Ж.А. Тлесова ұйымдастырды.

Экскурсияның мақсаты – білім алушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, Қазақстанның тарихы мен мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыру, туған өлкенің тарихи құндылықтарын таныту және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Экскурсия барысында білім алушылар Батыс Қазақстан облысының тарихы, мәдениеті, тарихи тұлғалары мен маңызды оқиғалары туралы мәліметтермен танысты. Музей экспозицияларын тамашалап, тарихи жәдігерлер жөнінде мағлұмат алды. Сонымен қатар туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен дәріптеудің маңызын түсінді.

Аталған танымдық іс-шара білім алушылардың тарихи танымын кеңейтуге, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және туған елге деген сүйіспеншілігін нығайтуға ықпал етті.Республика күніне орай ұйымдастырылған экскурсия білім алушылардың тарихи білімін толықтыруға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және патриоттық сезімдерін нығайтуға бағытталған тәрбиелік іс-шара болды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz