2026 жылдың 21-қазанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «ЖИ-визуалға арналған промпттар, құралдар мен әдістер» тақырыбында шеберлік сабағы өтті.
Іс-шара спикері, «Astana Hub» ДКҚ-ның Орал қаласындағы филиалының менеджері Ануар Алиханұлы Кубеков шеберлік сабағы барысында жасанды интеллект көмегімен визуалды контент әзірлеудің заманауи мүмкіндіктерімен таныстырып, тиімді промпт құрастырудың негізгі қағидаларына тоқталды. Сонымен қатар ЖИ-визуал жасауда қолданылатын құралдар мен практикалық әдістерді көрсетіп, оларды білім беру үдерісінде пайдалану жолдарын түсіндірді.
Шеберлік сабағына педагогикалық білім беру бағдарламаларының 2-курс білім алушылары қатысты. Қатысушылар жасанды интеллект құралдарының көмегімен сапалы визуалды материалдар дайындау бойынша пайдалы ақпарат алып, практикалық дағдыларын жетілдірді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz