2026 жылдың 7 қыркүйегінде Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к., Г.Ж.Матжанова «Іскерлік сөйлеу тіліндегі сендіру категориясының  ерекшеліктері  (АҚШ іскерлік мәтіндері  негізінде)» атты монографиясын кафедра мүшелеріне таныстырып, университетіміздің кітапханасына табыс етті. Бұл ғылыми еңбек 2026-2027 оқу жылында жоспар сәйкес жасақталып, баспадан шықты.

Бұл еңбектің мақсаты – ағылшын іскерлік сөйлеу тіліндегі сендіру категориясы қызметінің ерекшеліктерін анықтау. Монографияны 6В01702 Шетел тілі:екі шетел тілі БББ және 6В02301 Аударма ісі БББ, сонымен қатар, 7M01702 Шетел тілі: екі шетел тілі БББ Іскерлік ағылшын тілі, English for oil and gas, Technical English, Қазіргі лингвистикалық зерттеулердің негізгі бағыттары, Коммуникативті лингвистика, Когнитивті лингвистика, Әлеуметтік лингвистика пәндерінен білім алушыларға қосымша ақпарат көзі ретінде пайдалануға болады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz