2026 жылғы 27 сәуірде БҚИТУ Салалық технологиялар институтының ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ветеринария ғылымдарының кандидаты Днекешев А.К.-ның жетекшілігімен «Қойлардың инвазиялық сипаттағы көз аурулары кезінде блокаданың морфологиялық ерекшеліктері мен терапиялық тиімділігі» тақырыбында шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Іс-шара БҚИТУ ветеринарлық клиникасында, 204-аудиторияда интерактивті тақта, плакаттар және қой бас сүйегінің анатомиялық препараты қолданылып өткізілді.

Шеберлік сабағының мақсаты – білім алушылардың ветеринарлық офтальмология және паразитология саласындағы кәсіби білімдерін тереңдету, емдік блокада жүргізудің практикалық дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ қойлардың көру мүшелерінің анатомиялық-топографиялық ерекшеліктерін зерттеу болды. Сонымен қатар, инвазиялық текті көз ауруларын диагностикалау, патогенезі және кешенді емдеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Шеберлік сабағы барысында қойдың бас сүйегі мен көз ұясы аймағының емдік манипуляциялар жүргізуде маңызды морфологиялық ерекшеліктері жан-жақты қарастырылды. Анатомиялық препарат негізінде блокаданы қауіпсіз әрі тиімді орындауға қажетті бағдарлық нүктелер, дәрілік заттарды енгізу техникасы, әдістің көрсетілімдері мен ықтимал шектеулері көрсетілді. Сондай-ақ блокаданы кешенді терапия құрамында қолданудың клиникалық мысалдары ұсынылды.

Іс-шараның ерекшелігі – теориялық материалдың анатомиялық нысанда практикалық көрсетіліммен және заманауи көрнекі оқыту құралдарымен ұштастырылуы болды. Мұндай формат материалды терең меңгеруге, клиникалық ойлау қабілетін дамытуға және студенттердің практикалық ветеринарлық медицинаға қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

Қорытындылай келе, өткізілген шеберлік сабағы жоғары оқу-тәжірибелік маңызға ие болып, білім алушылардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға және болашақ ветеринария мамандарының теориялық даярлығы мен практикалық қызметі арасындағы байланысты нығайтуға септігін тигізді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz