2018 жылдың 1 қарашасында Қазақстан қор биржасы (KASE) «Биржалық симулятор» мерейтойлық байқауының қорытындысын шығарды. Бұл жоба 10 жыл қатарынан жүзеге асырылуда. Биылғы жылдың 17 қыркүйегінен -17 қазан аралығында «Биржалық симулятор» тренингті өткізілді. Аукционға Қазақстанның 30 университетінен 1200-ден астам студент қатысты.

«Биржалық симулятор» жобасының мақсаты оқу жоспарының шеңберінде өздерінің кәсіби білімін кеңейту, сондай-ақ қор нарығында тәжірибелік дағдыларды меңгеруді қалайтын студенттердің қаржылық, экономикалық және басқа мамандықтардағы қаржылық сауаттылығын арттыру болды.

Тілдер және менеджмент факультетінің студенттері білім беру аукциондарында белсенді қатысып, белсенді қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.

Факультеттің оқу сауда-саттығының үйлестірушісі э.ғ. м., аға оқытушы Уразова Б. А. студенттік өмірге белсенді қатысқаны және мерейтойлық сауда-саттықты ұйымдастыруға көмек көрсеткені үшін грамотамен марапатталды.

Факультет пен университетті оқу сауда-саттығында лайықты көрсеткендері үшін студенттер мен үйлестірушіні шын жүректен құттықтаймыз.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz