2026 жылдың 23-сәуірінде филология және оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен «Ғылым онкүндігі – 2026» аясында «Ұлттық құндылықтар – сапалы білімнің тірегі. Қ.Сәтбаев және ұлттық руханияттың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды.
Шара барысында ұлт руханиятының өзекті мәселелері қозғалып, білім мен тәрбие негізіндегі ұлттық құндылықтардың орны айрықша атап өтілді. Дөңгелек үстел жұмысына қатысқан магистранттар өздерінің ғылыми баяндамаларын ұсынып, тың идеяларымен бөлісті. Әрбір баяндама мазмұндылығымен, өзектілігімен ерекшеленді.
Бұл дөңгелек үстел – жас зерттеушілердің ғылыми ізденісін шыңдап қана қоймай, ұлттық рухты жаңғырту жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды. Шара соңында кафедраның ұйымдастыруымен қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.

