2025 жылдың 20 қараша күні «Үлкен Шаған «Мектеп – бөбекжай – балабақша» кешенінің ұйымдастыруымен «Арманда. Ізден. Таңда» тақырыбында кездесу өтті. Кездесудің мақсаты мектептің жоғары сынып оқушыларына мамандықты таңдауда кеңес-бағыт беру. Шараға Орал қаласының барлық жоғары оқу орындары, ата-аналар қатысты. Институттың кәсіби бағдар беру жұмысының маманы Р.С. Ислямов түлектерге жазғы қабылдау комиссиясының жұмыс ережесі мен тәртібі, ұлттық бірыңғай тестілеу ережелері туралы ақпарат берді, институттың білім беру бағдарламалары бойынша презентация жасады.
