Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде «Тілдесу алаңы» платформасында «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны цифрлық өзгерістер арқылы шешу» тақырыбында профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерге арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелді БҚИТУ ректоры, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Шакешев Б.Т. өз құттықтауымен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Кіріспе сөзден кейін шараның модераторы п.ғ.д., профессор Бахишева Светлана Мендіғалиқызы келген қонақтармен таныстырып, негізгі баяндамаларға кезек берді.
«G-Global – ғаламдық әлемдік құрылғы мәселелері» туралы Султанғалиев Махамбет Амантайұлы – БҚО «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директоры., «Жасанды интеллект және білім берудің болашағы» тақырыбында ·Ерназаров Жасқайрат Тілекқабылұлы – БҚИТУ тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор «Тарих және құқық» кафедрасының меңгерушісі мен «AI-Sana бағдарламасы жоғары білімнің жаңа тынысы» тақырыбында., Мұхтар Зинур Ғафурұлы – Педагогика және психология магистрі, БҚИТУ Білім және менеджмент институтының Ғылыми жұмыс және цифрландыру департаменті басшысы өздерінің баяндамаларымен дөңгелек үстелге қатысушыларды таныстырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасанды интеллектті халықаралық деңгейде реттеу, ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылау, және жаңа халықаралық жасанды интеллект реттеу институттарын құру мәселелерін көтеру болды. Сонымен қатар жасанды интеллект технологияларының білім беру саласына енгізілуі, олардың артықшылықтары мен тәуекелдері талқыланды.
Дөңгелек үстел студенттердің белсенді қатысуымен өтті. Әрбір студенттің пікір айтуы іс-шараның мазмұнын байытып, жасанды интеллект тақырыбына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетті.