2025 жылдың 8 қазанында ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасында оқытушылар мен студенттердің Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің қызметкерлерімен БҚИТУ мен БҚО бойынша ПД арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде кездесу өтті.
Іс-шара «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылып, жастар арасында құқықтық мәдениетті, адалдықты және жеке жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталды. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 08.09.2025 ж. Қазақстан халқына «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: цифрлық трансформация арқылы өзекті міндеттер мен оларды шешу» Жолдауы аясында заңның әділ және қауіпсіз қоғамның негізі ретіндегі рөлі атап өтілді.
Кездесудің модераторы комплаенс-офицер, запастағы полиция полковнигі, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Рахметов Т.Х. сөз сөйледі, ол барлық құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік еліміздің барлық азаматтарында болуы тиіс екенін атап өтті және қатысушылардың назарын «Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» жаңа заң жобасы азаматтардың құқық бұзушылықтардың алдын алуда, сондай-ақ азаматтарды құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін ынталандыру жөніндегі елеулі шараларға белсенді қатысуын атап айтты.
Кездесу барысында БҚО ПД Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция подполковнигі Түгелов Б.А. «жеңіл табыс» деп саналатын интернет пен мессенджерлер арқылы жастарды қылмыстық әрекеттерге тарту қауіптері, есірткі заттарын қолдану мен таратудың ауыр салдары туралы жан-жақты ақпарат берді.
Полиция департаментінің қызметкерлері Шуйншалиев О.А. және Боранғали Б.Ә. интернет-алаяқтықпен күрес, ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелерін көтеріп, қылмыстық жолға түсіп кеткен студенттердің нақты мысалдарын келтірді.
Ювеналды инспектор Қурмангалиева А.К. ЖОО студенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тәртіпті сақтау және кәмелетке толмаған білім алушылар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін қозғады.
Профилактикалық әсерді күшейту мақсатында нақты қылмыстық істерге қатысты жедел түсірілімдер мен бейнематериалдар көрсетілді.
Кафедра профессоры, ветеринария ғылымдарының докторы Абсатиров Г.Г. студенттерге арнап сөз сөйледі, ол өз мысалында табандылық, білімге деген ұмтылыс пен жұмысына адалдық, оқуда, ғылымда, кәсіпте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетінін айтты. Ол үнемі өзін-өзі дамытудың, адалдықтың маңыздылығын атап өтті, студенттерге оқуда табыс, мықты денсаулық және таңдалған жолға сенімділік тіледі.
Кездесуді қорытындылай келе, кафедра меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты Байтлесова Л.И. барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтып, полиция департаментінің қызметкерлеріне алғысын білдіріп, олардың жауапты және маңызды жұмыстарына сәттілік тіледі.



