Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің салалық технологиялар институтының 25 жылдығына арналған көлік және технологиялар кафедрасының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2025 жылғы 28 наурызда 6В11301 – Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, 6В07101- Көлік, көлік техникасы және технологиясы білім беру бағдарламаларының білім алушылары арасында автомобиль көлігі бойынша викторина өтті.
Викторина өте жоғары деңгейде өтті және білім алушыларға өздерінің тапқырлығын, байқағыштығын, белгілі бір жағдайларда бағдарлай білу қабілетін көрсетуге және дамытуға, барынша белсенділік туғызуға, зейінді, көрнекі есте сақтауды дамытуға көмектесті.
Мұндай іс-шаралар оқу үдерісін жандандыруға ықпал етеді, білім алушыларда байқауды, зейінді, есте сақтауды, ойлауды дамытады.
Викторина соңында жеңімпаздар анықталып, 1,2 және 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Кафедраның қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к. Х. Т. Тұрлыбаевқа және аға оқытушы А. М. Табинбаевқа викторинаны ұйымдастырғаны және өткізгені үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

