Кәсіптік бағдар беру жұмысы талапкерлерді жоғары оқу орнына тартудың ең маңызды факторы болып табылады.
2024 жылдың 15 қазанында кәсіптік бағдар беру және қабылдау бөлімінің жетекші маманы Жанияров Қ.Қ. және «Сәулет және құрылыс» кафедрасының аға оқытушысы С.Г. Умерешовамен Орал политехникалық колледжінде кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді.
Кәсіптік бағдар беру жұмысын тиімді жүргізу мақсатында – білім алушылардың қызығушылықтары мен еңбек нарығының сұранысы негізінде, БҚИТУ салалық технологиялар институтының оқу бағдарламалары бойынша толық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жұмыс барысында студенттер сұрақтар қойып, барлық сұрақтарына жауап алды.