2017 жылдың қыркүйек айының 11-29 күндері университетіміздің 5В011100-«Информатика» мамандығы студенттеріне Германияның Франкфурт қаласынан келген доцент Юрген Пуртц информатикадан курс өткізді. Өткізілген курс тақырыптары:
- Programming concepts
- Basic concepts of “JAVA”.
Студенттер өткен оқу жылындағы Scratch бағдарламалау тілі бойынша өткізілген курстың бағдарламасын қайталады, бағдарламалау концепциясы, Java бағдарламасы негіздері курсы бойынша білімдерін толықтырды. Сабақтар педагогикалық факультет ғимаратының 504 аудиториясында 1-ші ауысымда өткізілді. Бұл курсқа информатика мамандығының 2,3,4 курс студенттерімен қатар информатика пәні оқытушылары түгел қатысты. Курс соңында курсқа қатысқан студенттер мен оқытушыларға сертификаттар табысталды.
2017 жылдың 27-28 қыркүйегі күндері Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің, педагогикалық факультетінде Юрген Пуртц -тың «Didactic of computer Science» тақырыбындағы семинары өтті. Семинарға жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасының оқытушылары, Орал қаласының білім беру бөлімінен әдіскерлер, қала мектептерінің информатика мұғалімдері , атап айтсақ, №2 ЖОББМ, №4 ЖОББМ, А.С.Макаренко ат. №6 ЖОББМ, №9 ЖОББМ, №10 ЖОББМ, №12 ЖОББМ, №14 ЖОББМ, №24 ЖОББМ, №25 ЖОББМ, М.Маметова ат. №27 МЛ, №32 ЖОББМ, №33 ЖОББМ, А.Тайманов ат №34 МГ, №37 ЖОББМ, Ә.Молдағұлова ат №38 мектеп-лицейі, №39 ЖОББМ, №45 ЖОББМ мұғалімдері қатысты. Семинар соңында қатысушылар сертификаттармен марапатталды.


