Ағымдағы жылдың 2-4 сәуір аралығында Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде өткізілген «III UMIT – 2024» республикалық студенттік театрлар фестиваліне Салалық технологиялар институтының 1 және 2 курс студенттері мен Жалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушысы Ф.Ж. Разахова қатысты. Студенттер Семей қаласының Шәкәрім университетінің «Қаракөз» студент – жастар театры, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Жауқазын» студенттік театры, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Үркер» студенттік театры, С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық зерттеу университетінің «Ақжелкен» студеттік театры, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеттіңің «Өнер жастары» студенттік театры, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Саф» студенттік театры өнерпаздарының туындыларын тамашады.