2024 жылдың 15 наурында «Ветеринария» ББ білім алушыларына ZOO MARKET ветеринарлық аптекасында профессор, биология ғылымдарының докторы Қанатбаев С.Г. және ветеринарлық дәріхананың меңгерушісі Ларионова А.С. «Дәрілік заттар әсерінің жалпы заңдылықтары» тақырыбында тәжірибеге бағытталған сабақ өткізді. Сабақ ветеринарлық дәріханадағы негізгі дәрі-дәрмектердің түрлерімен таныстырумен басталып, олардың жануарлар организміне әсер ету жөніндегі заңдылықтарынан толық мағлұмат берілді.  Мал шаруашылығында дәрілік заттардан толық нәтиже алу үшін, олардың фармакодинамикасын білумен қатар, организмдегі болатын өзгерістердің себептерінде білудің өте маңызды екендігі айтылды. Содан кейін білім алушыларға дәрілік заттардың организмге ендіру жолдары туралы кеңінен баяндалды. Өткізілген сабақ білім алушылардың кәсіби білімен толықтыруға, таңдалған мамандыққа қызығушылықты арттыруға, кәсіби шеберліктерін дамытуға ықпал етті.  ZOO MARKET ветеринарлық дәріхана басшылығына алғысымызды білдіреміз.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz