2024 жылғы 26 ақпанда Теректі ауданы Ақсуат ауылының  Ақсуат орта мектепте, Пойма ауылы Пойма орта мектепте, Магистраль ауылы Магитральный отра мектептерде кәсіптік бағдар беру бойынша жұмысың Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің қызметкерлері өткізді.

Кездесу барысында кәсіптік бағдар беру жұмысы және қабылдау бөлімінің жетекші маманы Қабиболла Кенжеұлы Жәнияров және кәсіптік бағдар беру жұмысы және қабылдау бөлімінің маманы Алдонгаров Болатбек Райханұлы мектеп түлектеріне БҚИТУ-да оқудың артықшылықтары, жоғары оқу орнына түсу шарттары туралы айтып берді.

Жоғары оқу орнында бүгінгі таңда ең сұранысқа ие 16 мамандық алуға мүмкіндік берілгені атап өтілді. Оқу кезінде студенттер кейіннен тұрақты жұмысқа орналаса алатын кәсіпорындарда өндірістік практикадан өтеді.  Кездесу оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды, түлектердің барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz