23 ақпанда БҚИТУ салалық технологиялар институтының «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасы Jaiq Hub-пен бірлесіп өңірлік жоғары оқу орындарының білім алушылары арасында «Жоғары оқу орындарына арналған it шешім» тақырыбында «Jaiq Hackathon» өткізілді. Хакатонның мақсаты-шығармашылықты ынталандыру және өмір мен оқуды жақсарту үшін практикалық идеяларды ұсыну. Қатысушылар бағдарламалау, дизайн және бизнесті талдау сияқты әртүрлі салаларда өз дағдыларын көрсетті.

Хакатонға БҚИТУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, М.Утемисов атындағы БҚУ, КазИТЖУ командалары қатысты, олардың әрқайсысы өздерінің инновациялық идеялары мен шешімдерін ұсынды. Бұл іс-шара шығармашылық идеялармен алмасу және батыс өңірінің білім беру ортасында IT саласының дамуын ынталандыру алаңына айналды.

«Jaiq Hackathon» байқауының қорытындысы бойынша қазылар алқасы алдына қойылған міндетті белгілі бір мерзімде шешкен ең мықты үш креативті команданы таңдады. Жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz