2024 жылдың 20-шы ақпан күні Салалық технологиялар институтының «Мұнай-газ инженериясы» кафедрасы аға оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі Т.Н. Утееваның НД-31О тобына «Күрделі жағдайда ұңғыманы пайдалану» пәнінен «Ұңғымаларда құмды ескерту әдістері. Ұңғымаларды пайдалану кезінде құмның көтерілуіне қарсы күресу» тақырыбында практикалық ашық сабағы өткізілді.

Қазіргі кезде заманауи сабақ берудің жаңа әдістерінің бірі ретінде «LearningApps.org мультимедиялық конструкторы» бағдарламасы бойынша интерактивті панель қолдана отырып, білім алушылар бірнеше тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар «Quizizz» бағдарламасы смартфон көмегімен жеке-жеке орындау түрінде қызу да, қызықты әрі пайдалы өтті, кейін шығармашылық интеллектік қабілетін дамытуға байланысты схемамен жұмыс жасалынды. Қорытындыда рефлексия жүргізілді – білім алушылардың қызметін бағалау туралы қорытындылар жасалды. Білім алушылардың ашық сабаққа белсенді түрде қызығушылық танытқаны анықталды.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz