2024 жылдың 21 ақпан күні БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастыруымен өткізілген Қысқы спорттық фестивальге БҚИТУ Білім және менеджмент институтының студенттері белсенді қатысты.
Фестивальдің мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық–көпшілік спорттың дамуына үлес қосу, студент жастарды біріктіру.
Фестиваль қорытындысына сәйкес, БҚИТУ «Дене шынықтыру және спорт» БББ-ның 3 курс студенті Тулепбергенова Ляззат «Шаңғы тебіу» ойыны бойынша жүлделі 2-ші орынды және Білім және менеджмент институтының 1 курс студенттері «Арқан тартыс» ойны бойынша жүлделі 3-ші орындарды иеленді.
Студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз.