2023 жылдың 16 қарашасында «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.м. Д.Е.Аханованың ВТиИС-21 О тобына  «Сандық схемотехника» пәнінен «Триггерлі құрылғылар.JK-триггерлер» тақырыбында ашық сабағы өткізілді.

 Сабақтың мақсаты: JK-триггерлерді TINA TI бағдарламасында құру. TINA TI бағдарламасында схемаларды модельдеу арқылы білім алушылардың дағдыларын қалыптастыру.

 Ашық сабақ барысында «Фортуна дөңгелегі» ойыны арқылы дәріс бойынша сұрақтар қойылып, білім алушылардан жауап алынды. Пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген LearningApps.org интерактивті модулі арқылы білім алушылар триггерге байланысты сөздерді тауып, экраннан электронды кроссворд орындады. Топқа берілген практикалық жұмыста білім алушылар JK-триггердің функционалдық сызбасын TINA TI бағдарламасында құрды. Сабақты бекітуде QR код арқылы quizizz.com интернет сервисіне тіркеліп, 10 сұрақтан тұратын викториналық тестке жауап берді. Оның нәтижесі экраннан көрсетіліп, білім алушылар бағаланды.Үй тапсырмасына сызба бойынша ақиқат кестесін құру берілді. Сабақ өз мақсатына жетті.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz