2023 жылдың 16 қараша күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті қабырғасында «Жастар құмар ойындары мен нашақорлыққа қарсы» тақырыбында Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог-маманы Бақытжан Құралбайұлының университетіміздің студенттерімен кездесуі өтті.                                  

Әңгіме барысында теолог студенттерге есірткіге әуестіктің, құмар ойындардың, алаяқтық жолмен табыс табудың қаншалықты зиян екені және қазіргі заманғы діни экстремизмнің өзекті мәселелері, деструктивті ағымдар өкілдерінің әлеуметтік желілер арқылы белсенді түрде қалай таратылатыны туралы айтып берді.

Дінтанушы-теолог елдегі ішкі тұрақтылық пен дәстүрлі рухани құндылықтарға баса назар аудару керектігіне тоқталып өтті. Өткізілген кездесуде студенттер діннің бағыттарымен танысып, басқа ағымдағы діндерден аулақ жүруге кеңес алды. Студенттерге жалпы әлемде болып жатырған террорлық әрекеттер туралы, сонымен қатар дәстүрлі емес діни ағымдардан қалай сақтану керектігін, олардың қоғамға тигізер зияны туралы сөз қозғады.

Шара сонында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, пікірлерімен бөлісті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz