Қараша айының 15-і күні Қазақстан Республикасының белгілі шешендіктанушы ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Махамбет» республикалық әдеби, мәдени және танымдық журналының бас редакторы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Қыдыршаев Абат Сатыбайұлының 60 жасқа толу мерейтойына орай ҚР Жоғары оқу орыны студенттері арасында «Үздік шешен студент» атты республикалық байқауында магистр, аға оқытушы Абужалитова Ақбаршын Талғатқызының жетекшілігімен «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері Аюп Дильназ, Ибраева Назерке, Мелсбекқызы Саяжан бақ сынап, жүлделі ІІІ орынға ие болды.

