Академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті мен Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университеті арасында білім беру қызметтерін көрсету негізінде өзара ынтымақтастық шеңберінде, магистранттардың академиялық ұтқырлығын іске асыру мақсатында 7М07201/7М07202 “Мұнай-газ ісі” білім беру бағдарламасы бойынша 1, 2 курс магистранттары білім беру технологияларын пайдалана отырып, Сафи Өтебаева атындағы мұнай және газ университетінен оқытудан өтеді.

Атап айтқанда: ақпараттық-коммуникациялық технология; сыни ойлау технологиясы; жобалық технология; проблемалық оқыту технологиясы; кейс-технология; шығармашылық шеберханалар технологиясы.

Оқу дәрісін техника ғылымдарының докторы, Сафи Өтебаев атындағы АМГУ профессоры Ахметов Нұркен Максутович жүргізеді. Сондай-ақ, Нұркен Максутович ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша магистранттармен тығыз жұмыс жасайды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz