ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Венера Нұрахметқызы Масимова 2023 жылғы 14 қыркүйекте Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінде “Қазақстанда Мемлекеттік қызметтің мансаптық моделін іске асыру”тақырыбында жоғары оқу орнының бітіру курстарының білім алушыларымен кездесу өткізді.
В.Н. Масимова меритократия қағидаттарына негізделген қолданыстағы модельді, яғни кадрларды іріктеу және ілгерілету кезіндегі еңбегін мойындауды, Мемлекеттік қызметке іріктеудің конкурстық тәртібінің тиімділігін, объективтілігі мен ашықтығын арттыруды егжей-тегжейлі түсіндірді. Сондай-ақ білім алушыларға мемлекеттік қызметке кірудің тиімді және ашық тәртібін, тестілеуді тапсыру тәртібін, жеке қасиеттерін бағалауды және әңгімелесуден өтуді, мемлекеттік қызметшілерде көзделген тиісті жәрдемақылар мен жеңілдіктерді қамтамасыз ететін енгізілген заманауи тетіктер туралы ақпарат берді. Білім алушылардың ұсынылған ақпаратқа белсенді қызығушылық танытқан кездесу соңында В.Н.Масимоваға көптеген сұрақтар қойылды, оларға нақты жауаптар алынды.

