2023 жылдың 14-сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Қазақстан Республикасының «Ғылым қызметкерлері күні» мемлекеттік мерекесіне орай «Ғылым онкүндігі-2023» аясында ұйымдастырылған шаралардың қорытындысы ретінде университет ғалымдарының жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды.
Шара барысында білім ордасы ғалымдарын облыс және қала әкімдері, университет ректоры атынан құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталды.




