БҚИТУ педагогикалық факультеті, «Жаратылыстану-ғылыми пәндері» кафедрасының «Дене шынықтыру және спорт» мамандығында нағыз мықты спортшыларымыз тәлім алуда. Бұл мамандық студенттері олимпиаданың бірнеше мәрте қатысушылары және көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпаздары. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Иргалиев Арман 2016 жылдың қазан айында 90 кг салмақта жастар арасындағы халықаралық турнирде дзюдодан Азия кубогының алтын жүлдесін жеңіп алды.
2016 жылдың 23-25 қыркүйек күндері Румыния елінде жыл сайынғы халықаралық «Danubia Open» сериясы бойынша жарыс өтті. Бұл жарыста спорттың шорт-трек сайысы бойынша 8 елдің спортшылары қатысты. Еліміздің атынан қатысқан спортшыларымыз: Шамуханов Еркебулан (Атырау облысы), Ребик Евгений (Атырау облысы), Галиахметов Адиль (Батыс Қазақстан облысы) және Бейсеев Нурлыбек (Оңтүстік Қазақстан облысы).
3000 м эстафета жарысында еліміздің атынан сынға түскен спортшымыз Галиахметов Адиль алтын жүлдені қанжығасына байлады. Осы жерде спортшы-студентіміздің бірнеше мәрте ҚР чемпионатының жүлдегері болғанын айтуға болады.
2016 жылы шорт-тректен ҚР чемпионатында педагогикалық факультеттің 1 курс студенті Жумагалиева Нуржанар жүлдегер атанды.
Осы жылы Австрияның Граз қаласында өткен шорт-тректен еуропа чемпионатында факультетіміздің тағы бір студенті Анита Нагай күміс және қола жүлдені жеңіп алды.

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Асель Жумагамбетованы да университет мақтанышы деп айтуға болады. Қазан айында Болгарияның Благоевград қаласында өткен армрестлингтен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
11-17 қыркүйек күндері Үндістан астанасы Делиде өткен Азия кубогында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенті Ноздрин Антон қола жүлде иеленді.
Университет әкімшілігі спортшыларымызды жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта тек жеңіс тұғырынан көрініңіздер деп тілек білдіреді.



