Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Жаратылыстану- ғылыми пәндер кафедрасының доценті Бакесова Роза Маратовна Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерімен «Жаратылыстану негіздері» пәнінде Табиғат және экология мұражайына экскурсияға барып, Батыс Қазақстан облысында мекендейтін жануарлар мен құстар әлемімен таныстырды. Студенттер өздері жасаған буклеттердегі жануарлар мен құстардың экспонаттарын көріп, өсімдіктер мен жануарлар әлемін аялауға, тарих ескерткіштеріне ұқыпты болуға түйіндей айтқанда қоршаған ортада адамзат баласы бүтіннің бөлшегі екендігін түсінді.

