2022 жылдың 11-22 сәуір аралығында БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультетінің кітапханасында жаңа оқу әдебиетінің көрмесі ұйымдастырылды. Экспозицияның мақсаты- ғылыми кітапхана қорын ашып, университет студенттері мен қызметкерлеріне жаңа кітаптар мен журналдардың кең ауқымын ұсыну.

Көрмеге 2021 жылы факультеттің барлық білім беру бағдарламалары бойынша кітапханаға келіп түскен барлық әдебиеттер қойылды.

Кітаптар 3 тілде ұсынылды: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, бұл студенттерге оқу материалын белсенді меңгеруге және кәсіби құзыреттер мен дағдыларды меңгеруге көмектеседі.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz