2022 жылдың 25 ақпанында БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультетінің экология және биотехнология кафедрасында «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының БЖД-31 тобының студенттеріне «Тенгиз» кен орнындағы «Карат» ЖШС-нің қауіпсіздік техникасы инженері Ержан Ермекқалиұлы Майтабанов шақырылып, Еңбек қауіпсіздігі бойынша дәріс оқыды.

Дәрістің мақсаты – студенттеріне кәсіпорынның қызметі туралы түсінік беру, ондағы жұмыстың ерекшелігі мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері туралы айту.

Өндіріс маманы Ержан Ермекқалиұлы Майтабанов дәріс барысында жалпы өндірістегі жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, қауіпсіздік техникасы инженерінің атқаратын қызметі, міндеттері, құқықтары және оған қойылатын талаптар туралы айтылды.

Студенттер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.

«Карат» ЖШС-нің қауіпсіздік техникасы инженері Ержан Ермекқалиұлына алғысымызды білдіреміз және одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz