2022 жылдың 25 ақпанында БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультетінің 6В11201 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздіг» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттеріне «Кеңес ПВ» ЖШС – ң басшысы Мамаев Нұрлан Сидағалиұлы шақырылып, Тіршілік қауіпсіздігі негіздері бойынша қызықты дәріс оқыды.
Дәрістің мақсаты – студенттерді кәсіпорынның қызметімен таныстыру, мекеме мамандарының тәжірибесімен бөлісу, практикалық дағдыларды білу маңыздылығы туралы түсінік беру.
Өндіріс маманы Мамаев Нұрлан Сидағалиұлы өз дәрісінде қауіпсіздік техникасына, атап айтқанда, оның өнімділігін төмендетпей еңбек қауіпсіздігі мен зиянсыздығын қамтамасыз етуге басты мән берді. Ол өндірісте жарақаттанудың алдын алуға, адам ағзасына зиянды заттардың әсерін азайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыруды түсіндірді.
Дәріскер студенттерге өзінің күнделікті жұмысы туралы егжей-тегжейін түсіндіріп, студенттерге осы саладағы қызмет жауапты екенін, сонымен қатар сапалы білімге теориялық іліммен практикалық дағдыларды толықтырған кезде ғана қол жеткізуге болатындығын айтты. Дәріс барысында студенттер осы тақырыпты талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша ақпарат алды.
«Кенес ПВ» ЖШС – нің директоры Нұрлан Сидағалиұлына алғысымызды білдіреміз және одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз!
