2021 жылдың 24 қарашасы күні Есеп және қаржы кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл: кәсіпкерлік, қаржы және бухгалтерлік есептің қалыптасуы мен даму болашағы» атты ғылыми студенттік конференция өткізілді.

Конференцияға  «Есеп және қаржы» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.

Конференция қатысушыларына алғашқы болып «Есеп және қаржы» кафедрасының меңгерушісінің орынбасары э.ғ.м. Ш.Д. Салимбаева сөз алды.

Конференция барысында тақырыптар бойынша студенттердің баяндамалары тыңдалды. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы туризмнің, шағын және орта бизнестің дамуы, экономикалық-әлеуметтік дамуы, бюджет саясаты, банк жүйесінің дамуы мен қалыптасуы және тағы да басқа көптеген тақырыптар қарастырылып, тыңдалды.

БҚИТУ Жас ғалымдар кеңесі

             

             

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz