2021 жылдың 18-қарашасында БҚИТУ Инженерлік-гуманитарлық факультетінің «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының 2-4 курс студенттері «ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (Орал қаласы) өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» ММ жедел-құтқару жасағына экскурсияға барып, жұмысымен танысты. Саяхаттың мақсаты – студенттерді өндіріс орнымен таныстырып, өз мамандығы бойынша түсініктерін, қызығушылықтарын арттыру. Шараны БҚИТУ «Экология және биотехнология» кафедрасының меңгерушісі Л.И Байтлесова және аға оқытушылары Г.Р.Курмашева, Р.Н.Толеуова, Ж.А.Мурзабекова ұйымдастырды. Аталған өндіріс орнының №2 жедел-құтқару жасағының жетекші құтқарушысы А.В.Швейкин судан құтқару, өрт сөндіру құралдарымен, арнайы құрылғылармен, құтқарушыларға арналған жабдықтармен, тіршілікті қамтамасыз ету құралдарымен таныстырды. Сондай-ақ, өздері күнделікті атқаратын жұмыстарды студенттерге толық түсіндіре отырып, бұл сала қызметінің жауапты екенін және теориялық білімді практикалық жұмыстармен толықтырғанда ғана сапалы білімге қол жеткізуге болатынын айтты. Кинолог А.И.Жумабекова іздеу-құтқару жасағындағы қиын жерлерде жоғалғандарды, зардап шеккендерді таба алатын үйретілген итпен тренировкалар көрсетті.  Өндіріс орнында атқарылатын жұмыстарды көрген,   болашақ мамандардың оқып жатқан мамандығына  деген құрметі арта түсті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz