2021 жылдың 22 қазанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде жылда дәстүр бойынша «Студенттер қатарына қабылдау» атты мерекелік іс-шара өтті. Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «Студенттер қатарына қабылдау» мерекелік кеші салтанатты рәсім мен концерттік бөлімнен тұрды. БҚИТУ бірінші курс студенттеріне арнап университетіміздің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Р.С. Габдуалиева құттықтау сөз айтып, білім жолында сәттілік тіледі. Дәстүр бойынша жоғарғы курс студенттерінің айтар нақыл сөздерін тыңдап, бірінші курс студенттері ант қабылдады. Студенттік билетті университетіміздің бірінші және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Шакешев Б.Т. бірінші курс студенттеріне тапсырды. Концерттік бағдарламада әр факультеттін студенттерінең құралған флеш-моб, вокал әндері шырқалып, заманауи би тобы өз өнерлерін көрсетті. Мерекелік шара жоғары деңгейде өтті.



