2021 жылдың 8 қазанында Қазақстан мен Өзбекстанның екі Университеті өкілдері арасында онлайн-режимдегі кездесуі өтті.

   Бұл кездесудің бастамашысы Өзбекстан республикасының еліміздегі Бас консулы Тұрсынбеков Атабек Жолдасбекұлы болды.

   Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің (Орал қ., Қазақстан Республикасы) өкілі ретінде Тәрбие ісі жөніндегі проректор, экология магистрі А.И. Абекешев қатысып сөз сөйлесе, екінші тараптан  Бердах атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің (Өзбекстан) өкілі, экономикалық ғылымдар бойынша PhD, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Алымов Атабек Керімбергенұлы қатысты.

   Шекаралардың жабылғанына қарамастан, жақын арада халықаралық ғылыми ынтымақтастық, бірлескен ғылыми зерттеулер мен білім беру жобалары үшін берік негіз қалау үшін жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы екіжақты мемерандумға қол қою туралы шешім қабылданды.

   БҚИТУ-дың Тәрбие ісі жөніндегі проректоры А.И. Абекешевтің айтуынша, онлайн кездесу көрші елдердің екі ірі өңірлік жоғары оқу орындарының болашақ ынтымақтастығы үшін өзінің оң нәтижелерін берді.

   Осы платформада алдағы өтетін Өзбекстан Республикасындағы президенттік сайлау күн тәртібіндегі саяси өзекті мәселе ретінде қарастырылды. Бас Консул А.Ж. Тұрсынбековтың айтуынша, 16 қазанда Орал қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратына мерзімінен бұрын көшпелі дауыс беру пункті құрылады. Жоғарыда айтылғандарға байланысты, ол Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде оқып жатқан Өзбекстандық азаматтығы бар студенттерді сайлауға белсенді қатысуға шақырады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz