2021 жылдын 24 қыркүйек күні №1 ОРМБЖМ стадионында Батыс Қазақстан  инновациялықтехнологиялық университетінің 1 курс студенттері арасында «Денсаулық күні» спорттық сауықтыру фестивалі ұйымдастырылды.

   Фестивальдің негізгі мақсаты:

  • студенттердің белсенділігін арттыру;
  • студенттер арасында спорттық өнерді насихаттау;
  • дене шынықтыру арқылы студенттердің өзара қарым-қатынасын нығайту.

   Жарыс келесі сайыс түрлері бойынша өтті:

  • 4х100 эстафета әр факультеттен 1 командадан (2 қыз, 2 ұл);
  • студенттер арасында гір спорты (32 кг) ;
  • арқан тарту- (командада 5 қыз, 5 ұл);
  • баскетбол (командада 5 адам);
  • шағын-футбол (командада 5 адам);
  • қабырға газеті.

   Жалпы сайыстардың қорытындысы бойынша командалық есепте:\

1-орын   Педагогика факультеті

2-орын  Инженерлік-гуманитарлық факультет

3-орын  Тілдер және менеджмент факультеті

   Жарыс қортындысы бойынша жеңімпаз командалар дипломдармен марапатталды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz