02.04.2021 жылы «Жаратылыстану ғылыми пәндері» кафедрасының ұйымдастыруымен педагогика ғылымдарының кандидаты, БҚИТУ профессоры Николай Николаевич Пересветовты еске алу және оның «Арнаулы мектептерде білім алушыларға арналған дене тәрбиесі әдістемесі» оқу құралының таныстырылымы өтті.
Дөңгелек үстелді Педагогикалық факультетінің деканы Б.С. Джумакаева ашып, профессор О.И. Ворожейкина, доцент Р.М. Бакесова және аға оқытушы Ш.А. Макашевтар әзірлеген ғалымның өмірі мен шығармашылғы туралы бейнебаян көрсетілді. Дөңгелек үстелде Николай Николаевич Пересветовтың өңіріміздегі спорттық тәлім тәрбиенің дамуына зор үлес қосқандығы жөнінде «Динамо» спорттық мектебінің директоры мен Олимпиада резервтерің дайындау орталығы директорының орынбасары т.б. құрметпен айтып берді.
Ғалымның балалары университет кітапханасына Н.Н. Пересветовтың ғылыми еңбектері мен жеке кітап қорын сыйға тартты. Кездесу барысында ғалымның өмір жолын насихаттап тұру бағытында дәстүрлі ғылыми конференция өткізіп тұру жоспарланып, БҚИТУ әкімшілігі тарапынан ғалым атындағы арнайы стипендия тағайындалғаны айтылды.
