Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Тілдер және менеджмент» факультетінде ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мақаласын талқылауға және 1 наурыз – Алғыс айту күнін тойлауға арналған «Ұлт жоспары – Қазақстандық арманға бастайтын жол» атты дөңгелек үстел өтті.
Бұл шараға университеттің тілдер және менеджмент факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері қатысты. Отырысты факультет деканы, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Ж.Жұмаев ашты.
Ол 2016 жыл – «Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың нақты 100 қадамы» атты Ұлт жоспарын іске асырудағы бастапқы қадам, яғни біздің қазақстандық арманға жетуімізге жол ашатын жыл. Бұл – XXI ғасырда көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашатындығын атап айтты. Ұлт көшбасшысының мақаласын талқылау, Қазақстанда алғаш рет атап өтілгелі отырған 1 наурыз – Алғыс айту күніне сәйкес келіп отыр.
Дөңгелек үстел отырысында экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Б.Т.Төлебаева, мәдени-тынығу жұмысы және жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Ж.Қ.Хайрушин, экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты А.Ж.Султангужиева, экономика ғылымдарының магистрлары Л.И.Абдуллаева, Л.В.Федорченко студенттер К.Рахимов, Г.Цыганов және т.б. өз пікірлерін ортаға салып, ой бөлісті.

Барлық отырысқа қатысушылар халқымыздың бірлігі мен сенімін нығайту қызметінің басты бағыттарын қарастырып, талқылады.
Одан әрі Қазақстандағы Алғыс айту күніне арналып, факультеттің студенттік телевидения студиясымен дайындалған «Мен алғыс айтамын»\«Я благодарю» тақырыбында бейнеакция болды. Акцияға қатысушылар өз сөздерінде ширек ғасыр бойы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен өткізілген бейбітшілік және келісім саясатының салтанатты күні, жаңа мереке екендігін атап көрсетті.
