2021 жылдың 2 наурызында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Экология және биотехнология кафедрасы мен Самар мемлекеттік техникалық университетінің Техносфералық қауіпсіздік және өндірісті сертификаттау  кафедрасымен «Сапаны басқару» тақырыбынды  халықаралық ғылыми-практикалық семинар  отырысы өткізілді. Семинар қашықтық форматта өтті.

Секцияға 10 баяндама беріліп, оқытушылар мен аспиранттардың 10 баяндамасы тыңдалды.

Қазылар алқасының төрағасы: СамМТУ,  техносфералық қауіпсіздік және өндірісті сертификаттау кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., доцент, Керов А.В.

Қазылар алқасының мүшелері: Козловский В.Н., т.ғ.д., профессор, СамГТУ, теориялық және жалпы электротехника кафедрасының меңгерушісі, Москвичева Е.Л., т.ғ.к., доцент,  кафедра меңгерушісінің орынбасары, Байтлесова Л.И., х.ғ.к., доцент, БҚИТУ, экология және биотехнология кафедрасының меңгерушісі, Ахметжан С.З., т.ғ.к., доцент, БҚИТУ, техника және технология кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы.

Хатшы: Федотова И.Ю., т.ғ.к., СамМТУ доценті.

Секция жұмысы бойынша төмендегі қатысушылардың баяндамалары тыңдалды: Абылгазинова Айжан Тлеужановна, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, БҚИТУ экология және биотехнология кафедрасының доценті, Разакова Асемгуль Маликовна, БҚИТУ, экология және биотехнология кафедрасының аға оқытушысы,  Курмашева Гүлшат Рахметуллаевна, техника ғылымдарының магистрі, БҚИТУ, экология және биотехнология кафедрасының аға оқытушысы, Саргужиева Бибигуль Абуевна, БҚИТУ, техника және технология кафедрасының аға оқытушысы, Буранова Нурслу Галымовна, БҚИТУ, техника және технология кафедрасының оқытушысы, Самойлова Дарья Сергеевна, СамМТУ, өндірістің техносфералық қауіпсіздігі және сертификаттау кафедрасының 1 курс аспиранты, Гафаров Роман Ринатович, Крицкий Алексей Викторович, СамМТУ, теориялық және жалпы электротехника” кафедрасының 2 курс аспиранттары, Брачунова Ульяна Викторовна, СамМТУ, теориялық және жалпы электротехника кафедрасының 2 курса аспиранты, Саксанов  Александр Сергеевич, СамМТУ, теориялық және жалпы электротехника кафедрасының 1 курс аспиранты.

Қазылар алқасы өткізілген семинардың жақсы ұйымдастырылғанын, сондай-ақ көптеген баяндамалардың өзектілігі мен жоғары ғылыми деңгейін атап өтті.

Семинар қорытындысы бойынша тыңдалған баяндамалардың тезистерін жариялауға ұсыну туралы шешім қабылданды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz