2021 жылдың 26-29 сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогика факультетінің “Психология” және “Педагогика және психология” мамандықтарының студенттері Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің базасында ұйымдастырылған XIII Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысты.

   Олимпиаданың мақсаты – талантты және дарынды студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу және қолдау көрсету; студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу; студенттерді қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге тарту; ғылыми қызметке қызығушылықты дамыту.

   Олимпиада нәтижелері бойынша:

   – Шевер Елизавета, 5В050300 “Психология” мамандығының III курс студенті, III жүлделі орынға ие болды. Жетекшісі – Султаниязова Насия Жалауовна, психология ғылымдарының магистрі, Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы.

   – 5В010300 “Педагогика және психология” мамандығы студенттерінің “Болашақ” командасы II орын алды. Команда мүшелері: Тлешев Аманғали, Сатаева Ару, Жасқайратова Гүлсезім. Команда жетекшісі – Баймұханова Балжан Қадырғалиқызы, педагогика ғылымдарының кандидаты, Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы.

   Жеңімпаздар мен жетекшілерін білім сайысындағы жетістіктерімен құттықтаймыз және шығармашылық табыстар тілейміз!

 

 

БҚИТУ ректораты

БҚИТУ жас ғалымдар кеңесі

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz