Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті «Тарих және құқық» кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі Дауесова Айжан Жанғазықызы ғылым жолындағы кезекті жетістігіне қол жеткізді. Білікті жас ұстаз Нұр-Сұлтан қаласындағы “Bilim-orkenieti” ұлттық иновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілген «Дарынды жас ғалым» республикалық ғылыми жобалар байқауына Тарих мамандығының осы жылғы түлегі М.Қ.Ғариполланың «Ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрдің жастар тәрбиесіндегі орны» атты ізденушілік жұмысына ғылыми жетекшілік жасаған болатын.
Білім және ғылым саласына қосқан айрықша еңбегі үшін І дәрежелі дипломмен және «ҚР тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталған әріптесімізді құттықтап, ғылым жолында зор табыстар тілейміз.
БҚИТУ, педфак ұжымы.
