Шын жүректен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің оқытушылары мен қызметкерлерін, студенттері мен магистранттарын, түлектері мен ардагерлерін келер 2019 Жаңа жылмен құттықтай отырып, өткен жылдың жоспарларын орындауда шын ниетпен қызығушылығыңызбен қолдау танытқаныңыз үшін алғысымды білдіремін.
2018 жыл оқиғаларға толы жыл болды. Университетіміз алға қадам басып келеді, ғылыми және инновациялық қызметті, халықаралық қарым-қатынасты дамытып, материалдық-техникалық базаны жақсартуда.
Барлық бұл жетістіктер кездейсоқ емес,өйткені біздің университетімізде ең бастысы –біліктілігі жоғары профессорлық-оқытушылық құрамы мен дарынды студенттер бар. 2019 жылы біздің ортақ жұмысымыз әрі қарай жалғасын табатынына сенімдімін, өйткені ұжымымыз жоғары білім беруді модернизациялаудың қиын міндеттерін шешу қолымыздан келетідігін дәлелдеді.
Құрметті әріптестер! Сіздерге өткен жылда жасалған еңбегіңіз үшін алғысымды білдіремін. Сізге сарқылмас шығармашылық жігер, алға қойған мақсаттарға, кәсіби шыңдарға жетуіңізге тілектеспін, отбасыларыңызға береке-бірлік, денсаулық тілеймін!
Өздерінің ғылыми, шығармашылық және спорттағы жетістіктерімен университетіміздің беделін арттыруына үлесін қосып жүрген студенттерді ерекше құттықтаймын! Барлық бастамалары жеңіспен аяқталсын!
2019 жыл барлық үміттерімізді ақтасын! Әрбіреумізге достық, махаббат пен отбасылық жылу серіктес болуын тілеймін! Жаңа жылыңызбен!