ҚР БжҒМ министрінің 11.01.2013 ж. «Республиканың жоғарғы оқу орындарына шет елдердің ғалымдарын шақыру туралы» №2 бұйрығына негізделе отырып, 2015 жылдың желтоқсанның 8-нен 11-і аралықта академиялық мобильділік мақсатымен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің инженерлік-технологиялық факультетіне Н.В. Вавилов атындағы Саратов мемлекеттік аграрлық университетінің профессоры, ветеринария ғылымдарының докторы Авдеенко Владимир Семёнович шақырылды.
Экология және биотехнология кафедрасының профессорлы-оқытушылық құрамы, 5В120100 «Ветеринарлық медицина», 5В120200 «Ветеринарлық санитария» мамандықтарының 1-5 курс студенттеріне біліктілікті арттыру мақсатында «Физиология размножения сельскохозяйственных животных» атты тақырыбында 36 сағат көлемінде курс өтілді.

