2022 жылдың 25 қарашасы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Педагогика факультетінің Педагогика және психология кафедрасы Сапа апталығы аясында “Цифрлық білім-заманауи оқытудың кілті” тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Талқылауға ұсынылған мәселелер: білім беруді цифрландырудың ғылыми-әдістемелік негіздері; жоғары оқу орындарында цифрландыру жағдайында білім беру ресурстарын дамыту; орта жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, колледждерде білім беруді цифрлық трансформациялаудың өзекті бағыттары болды.
Дөңгелек үстел жұмысына университеттің профессор-оқытушы құрамы, студенттер мен магистранттары қатынасты. Дөңгелек үстел барысында келесі әріптестер: Бельгия, Брюссель қаласы, Бельгия Білім кеңесінің директоры -Позднякова Аксана, п.ғ.к., қауым.проф.-Иргалиев А.С., Ж. Досмұхамедов ат. жоғары педагогикалық колледжінің педагогикалық және психологиялық пәндер оқытушысы, педагог-сарапшы, педагогика ғылымдарының магистрі -Даулетова В.А., педагогика және психология магистрі, аға оқытушы Халикова Б.Т., А.С.Макаренко ат. № 6 ЖББМ директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, ағылшын тілі мұғалімі, педагог-зерттеуші -Суюнгалиева А.Ж., Астана қаласы, Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті, 7МО1103 “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасының магистранты-Куликов А.А., п.ғ.к., қауым.проф.Тасимова А.А. баяндама жасады. Орал қаласының ҚазИжТЖУ мәдениеттану ғылымдарының кандидаты, ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Дусказиева Жанар Нұрлыбайқызы, өз сөзін дөңгелек үстелдің талқылау кейсіне енгізді. Дөңгелек үстел ұйымдастырушысы, модераторы п.ғ.к., профессор, Францияның Конкорд халықаралық академиясының корреспондент-мүшесі Тасимова А.А. және педагогика және психология магистрі, аға оқытушы Халикова Б.Т.
“Цифрлық білім беру-заманауи оқытудың кілті” тақырыбындағы халықаралық деңгейде ұйымдастырылған дөңгелек үстел цифрландыру заман талабына сай жаңашыл тақырыпты қозғады.
