АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойына орай Батыс Қазақстан инновациялық-техникалық университеті 2020 жылдың 16 – 17 сәуір күндері «Абай Құнанбайұлы: ХХІ ғасырдағы білім мен ғылым» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференция барысында мынадай секциялар жоспарланып отыр:
1-секция. Филологиялық білім: қазақ, орыс және ағылшын тілдері мен әдебиеті мәселелері
2-секция. Педагогика мен психологияның теориясы мен практикасы, оқытудағы инновациялық технологиялар;
3-секция. Дене шынықтыру және информатиканы оқыту әдістерін зерделеу;
4-секция. Тарих, құқық негіздері мен экономика саласындағы оқыту технологиясы;
5-секция. Жаһандану үдерісіндегі көптілді білім беру мәселесі
6-секция. Биотехнология және экологияның бүгінгі мәселелері, даму үдерісі;
7-секция. Кәсіби-техникалық білім берудің ғылыми-әдістемелік аспектілері;
8-секция. Энергетика, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ салаларының мәселелері, өзіндік ерекшеліктері мен даму үрдістері.
9-секция. Техникалық ғылымдар саласындағы инновациялық зерттеулер
10-секция. ХХІ ғасырдағы қаржылық менеджмент пен бухгалтерлік есеп: фактілер, болжамдар мен даму үрдістері;
11-секция. Трансформация дәуіріндегі экономика, бизнес пен маркетинг;
12-секция. Аймақтың деңгейдегі Қазақстандық жоғарғы кәсіби заң білімі дамуының өзекті мәселелері
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері
Өткізу түрі: пленарлық және секциялық отырыс
Конференцияға қатысушылардың іссапар шығындары жіберуші ұйымның есебінен төленеді.