Қаржы және экономика кафедрасының ғалымдары білім алушылармен бірлесіп екі монография шығарды.

«Қызметтер нарығындағы коммерциялық банктер» монографиясының авторлары – БҚИТУ «Қаржы және экономика» кафедрасының «Бизнес және басқару» білім беру бағдарламаларының жетекші ғалымдары э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Суханбердина.Б.Б., э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Курманова.Г.К. және «Қаржы»ББ-ның магистранттары Ипполитов Д.В. және Утешкалиева А.Ж.

Монографияда Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі даму жағдайында коммерциялық банктердің жұмыс істеуінің және жаһандық экономикалық жүйенің тұрақсыздығының тұжырымдамалық негіздері қарастырылады. Банктердің ұлттық және шетелдік қаржы нарықтарындағы қызметінің әртүрлі аспектілері зерттелді.

Кітап мамандарға, экономикалық бағыттағы ғылыми ұйымдар мен оқу орындарының қызметкерлеріне, магистранттарға, докторанттарға және қаржылық жаһандану жағдайында коммерциялық банктердің жұмыс істеу проблемаларына қызығушылық танытатын барлық адамдарға арналған.

 «Әлеуметтік сала қаржысы» монографиясының авторлары – БҚИТУ «Қаржы және экономика» кафедрасының «Бизнес және басқару» білім беру бағдарламаларының жетекші ғалымдары э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Курманова.Г.К., э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Суханбердина.Б.Б., э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Машанова С.А., э.ғ.м., аға оқытушы Салимбаева Ш.Д., э.ғ.м, аға оқытушы Уразова Б.А., және «Қаржы» ББ магистранттары Молдағалиев А.С. және Копжурсинова Н.А.

Монографияда отандық экономиканы дамытудың әлеуметтік бағытын және әлемдік экономиканың тұрақсыздығын ескере отырып, мемлекет функцияларын қаржыландыру мен іске асырудың әдіснамалық негіздері зерттеледі, мемлекеттік меншікті әлеуметтендірудің өсу тетіктері әдіснамалық негізделген. Бюджет қаражатын пайдалану тиімділігі тұрғысынан әлеуметтік ұйымдардың, білім беру және медициналық салалардың қызметі зерттелді.

Кітап мамандарға, экономикалық бағыттағы ғылыми ұйымдар мен оқу орындарының қызметкерлеріне, магистранттарға, докторанттарға және әлеуметтік саладағы бюджет саясатының проблемаларына қызығушылық танытқандарға арналған.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz