Сәулет және құрылыс кафедрасының аға оқытушысы Г.Ш. Избасованың ұйымдастыруымен ЗК-32 тобының білім алушылары 18.11.2025 ж. сағат 11:00–13:00 аралығында Батыс Қазақстан облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне экскурсияға жасады.
Экскурсияның негізгі мақсаты – білім алушылардың мамандыққа қатысты теориялық дайындықтарын нақты жұмыс ортасында бекіту, жер ресурстарын басқару жүйесіндегі өндірістік үдерістермен таныстыру және болашақ кәсіби құзыреттерін дамыту.
Бұл шара білім алушыларға салалық мемлекеттік мекеменің қызмет бағыттарын жақыннан бақылап, жер қорын түгендеу, жер мониторингі, жер пайдаланушылармен жүргізілетін жұмыстар мен қажетті құжаттарды әзірлеу тәрізді қызметтердің мазмұнын тереңірек меңгеруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, экскурсия кәсіби бағдарларын айқындап, еңбек нарығына бейімделуіне оң әсерін тигізді.
Сапар барысында білім алушылар Жер ресурстарын басқару департаменттің қызмет құрылымымен, жер кадастрын жүргізу механизмдерімен, жер ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау бойынша атқарылатын жұмыстармен, сондай-ақ жер қатынастары саласында қолданылатын заманауи цифрлық платформалар мен геоақпараттық технологиялардың жұмыс істеу ерекшеліктерімен танысты.