2025 жылдың 14 қарашасында, Халықаралық студенттер күніне орай, Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Жастар Квесті» атты зияткерлік командалық ойын өтті.

Аталған сайыста жоғары оқу орындары мен арнаулы орта оқу орындарының студенттері өз білімдері мен тапқырлықтарын сынға салды. Зияткерлік дода барысында заң саласына қатысты логикалық тапсырмалар, ситуациялық міндеттер және командалық жұмысқа бағытталған кезеңдер қамтылды.

6В04202 – «Құқықтану» білім беру бағдарламасының ЮР-21 және ЮР-23О топтарынан құралған «Әділет» командасы үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі III орынға ие болды. Бұл жетістік – студенттердің кәсіби дайындық деңгейін және құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған кафедра жұмысының жемісі.

Сонымен қатар, белсенді қатысқаны үшін ЮР-35О тобының «Жігер» командасы да марапатталып, ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттарға ие болды.

«Құқық» кафедрасы студенттерін жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да білім мен біліктілікті дамытуға бағытталған осындай зияткерлік сайыстарға табыс тілейміз!

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz