Бүгін Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Эстония елінің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамытуға арналған маңызды кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – екі елдің жоғары білім беру ұйымдары арасында өзара қарым-қатынасты нығайту, ортақ жобаларды іске асыру және заманауи технологияларды білім беру үрдісіне енгізу бағыттарын айқындау болды. Кездесуге Эстония Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Яап Ора (Jaap Ora), Эстония Елшілігінің бірінші хатшысы Герри Леск, бизнес және қоғамдық дипломатия жөніндегі координатор Акбота Саржанова, Эстонияның Орал қаласындағы Құрметті консулы Аркадий Рубцов, сондай-ақ БҚО Ақпараттық технологиялар орталығының директоры Султанғалиев Махамбет Амантайұлы қатысты.
Іс-шара барысында тараптар:
- бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу,
- ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру,
- оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын кеңейту,
- жасанды интеллект саласында бірлескен бастамаларды жүзеге асыру
мәселелерін жан-жақты талқылады.
Екі жақ білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні жауапты және этикалық түрде қолдану, цифрлық құзыреттерді дамыту, халықаралық стандарттарға сай ғылыми экожүйе құрудың маңызын атап өтті. Бұл бағыттағы серіктестік өңірлік жоғары білім беру сапасын арттыруға ықпал ететіні атап өтілді.
Университет тарапынан кездесуге оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі бірінші проректор м.а. Машанова Самал Амангельдиевна, ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, аш.ғ.к., қауымдастырылған профессор Жубантаев Изимгали Нурымович, БҚИТУ Білім беру және менеджмент институтының директоры, т.ғ.д. Тасмагамбетов Асет Сембаевич, Білім беру технологиялары және аралас оқыту орталығының жетекшісі, п.ғ.д., қауымдастырылған профессор Бахишева Светлана Мендыгалиевна қатысты және бөлім басшылары қатысты.
Кездесу нәтижесінде тараптар ұзақ мерзімді серіктестікті тереңдетуге өзара қызығушылық танытты.
Бұл шара БҚИТУ-дың халықаралық әріптестік желісін кеңейтуге, сондай-ақ ғылым мен білімде жасанды интеллектіні жаһандық трендтерге сай дамуға бағытталған маңызды қадам болды.