18.01.2024 ж. Ғылым апталығы аясында «Сәулет және құрылыс» кафедрасында «Сәулет, құрылыс, жерге орналастыру және кадастр саласындағы ғылымды дамытудың өңірлік аспектілері» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді. Семинардың мақсаты кафедра ПОҚ-ның 2023 жылғы ғылыми-зерттеу жұмысын қорытындылау, бірлескен ғылыми зерттеулерді талқылау; жобалардың ғылыми-зерттеу тәжірибесімен алмасу; оқу процесіне инновациялық технологияларды енгізу процесін жетілдіру; аймақтағы ғылым мен практиканың негізгі мәселелерін талқылау болды.

Ғылыми семинар барысында кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., қауым. профессор К.А. Нариков баяндама жасады; «Оценка состояния пастбищ ТОО «Ізденіс» ЗКО: кормоемкости и адаптации к изменению климата» тақырыбы бойынша – т.ғ.м. Қойбағарова Л.Т.; докторант, т.ғ.м. Беккалиев Н.М. – «Автоклавты емес қатаятын газобетонның кеуектік құрылымына жоғары сілтілі ортаның әсері» тақырыбында ғылыми-зерттеу баяндамасы тыңдалды. ҒЗЖ бастамашыл тақырыптары бойынша т.ғ.м. Тасқалиев А.Т., т.ғ.м. Тауышев О.У., т.ғ.м. Гизатулла  Т.Г. сөз сөйледі.

Ғылыми семинар қорытындысы бойынша шаруашылық келісім-шарт тақырыптарын жасау қажеттілігі туралы қаулы қабылданды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz