2024 жылдың 3-сәуірінде “Ғылым онкүндігі – 2024” жұмысы аясында салалық технологиялар институтының “Мұнай-газ инженериясы” кафедрасында “Студенттер мен магистранттардың ғылыми зерттеулері: мұнай-газ саласының өзекті мәселелері” тақырыбында студенттік ғылыми-практикалық симпозиум өтті.
Студенттік ғылыми-практикалық симпозиумды өткізу барысында БҚИТУ мұнай-газ инженериясы кафедрасының студенттері, магистранттары, профессор-оқытушылар құрамы және Ю. А. Гагарин атындағы СГТУ-нің Жылу-газбен жабдықтау және мұнай-газ ісі кафедрасы қатысты.
Симпозиумның мақсаты: Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындарының студенттері мен жас ғалымдары арасында ғылыми байланыстарды дамыту, студенттер мен магистранттарды мұнай-газ саласының проблемаларын зерттеуге тарту.


