2024 жылдың 20 ақпан күні Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында «Ашық есік күні» аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің аға оқытушы А.А Кубашевтың жетекшілігімен Құқық қорғау қызметі білім беру бағдарламасының студенттеріне сот жүйесінің жұмысымен таныстыруға арналған кездесу өткізілді.

Кездесу барысында судья Ернар Халықов еліміздің сот жүйесі құрылымы мен қызметі жөнінде, судья лауазымына қойылатын талаптар, сот төрелігі академиясына оқуға қабылданудың шарттары, қазіргі уақытта орын алып отырған құқық бұзушылықтар және оларға жол бермеу туралы айтып, студенттердің туындаған сауалдарына жауап берді.

Сонымен қатар студенттер үшін сот ғимаратында экскурсия ұйымдастырылып, олар сот кеңсесінің жұмысымен танысып, ашық сот отырысына қатысты.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz